Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңінің жеңімпаздарын құттықтау рәсімі 07.11.2025 жылы өткізілді.
Олимпидаға барлығы 8 пәннен 150-ден артық оқушы қатысып, бақтарын сынаған еді. Олимпиада нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар 12-13 қараша өтетін аудандық кезеңде мектеп намысын қорғамақшы. Оқушыларымызға сәттілік тілеп қояйық.
06.11.2025 жылы 3-4-сыныптар арасында өтетін республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру. Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен облыстық білім беру басқармалары бірлесе ұйымдастырып өткізеді.
Олимпиада жеңімпаздары 14.11.2025 жылы өтетін қалалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз















