Пара – болашағыңды ұрлайды!
Бір сәттік пайда үшін берілген пара – адамды да, қоғамды да әлсірететін ең үлкен кесел.
Пара беру — әділдікті жеңу емес, өзіңді алдау.
Пара алу — ар-намысты сату.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз.
Бүгін пара бермеу – ертеңгі таза әрі әділ қоғамның бастауы.
🤝 Әділдікпен жүр!
🚫 Параға жол жоқ!
🇰🇿 Таза қоғам – біздің қолымызда.
Мектебімізде академиялық адалдықты бұзудың салдарын түсіндіру мақсатында интерактивті дәрістер ұйымдастырылды. Дәріс барысында оқушыларға плагиат жасау, көшіру және деректерді қолдан жасау сияқты әрекеттердің білім сапасына және жеке беделге тигізетін кері әсері түсіндірілді. Интерактивті әдістер арқылы оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, адалдықтың маңызын өздері анықтады. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды әділдікке, жауапкершілікке және өз еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Дәріс соңында қатысушылар академиялық адалдықтың – табысты әрі сенімді тұлға болудың басты шарты екенін атап өтті.