АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№95 МЕКТЕП – ЛИЦЕЙ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ»
 
ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН
 

Астана қаласының 6–7-сынып оқушылары арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша өткізілетін *”QARHYSKILL” чемпионатына №95 мектеп-лицейінің 6 “В” сынып оқушылары өз жұмыстарын ұсынды.
Жобаның мақсаты:
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаны тиімді басқару, онлайн қаржы алаяқтықтарынан қорғану және жеке қаржылық қауіпсіздік туралы білімдерін дамыту.
Жас ізденімпаздарға байқауда сәттілік тілейміз!

Республика күніне орай мектебімізде «Ақындар айтысы» ұйымдастырылды.
Бұл шараға оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, өз өнерлерін, суырып салма қабілеттерін көрсетті.
Айтыс соңында арнайы шақырылған қонақ айтыскер ақындар сахна төріне шығып, әсерлі жырларымен көрерменнің көңілін баурады.
Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
#республикакүні #деньреспублики

Мектепте 5-сынып оқушыларының қатысуымен Республика🇰🇿 күніне арналған концерт ұйымдастырылды.
📍Оқушылар өздерінің жүрек жарды өлеңдерін оқып, ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кеш өте көңілді және әсерлі өтті.
📍Бұл шараның мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және еліміздің тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.
#республикакүні #деньреспублики

“Экосана” жобасы аясында табиғатты қорғауға арналған театрландырылған қойылым өткізілді. Қойылымның басты мақсаты – оқушыларға табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық жауапкершілікті сезіндіру болды. Оқушылар өздері дайындаған көрініс арқылы адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарауының салдарын көрсетті. Сондай-ақ, табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіретін әсерлі оқиғалар сахналанды. Көрермендер қойылымнан үлкен әсер алып, қоршаған ортаны сақтау әр адамның борышы екенін ұғынды. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етеді.

Мектебімізде «Қыран елім – Қазақстан» тақырыбында мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайысқа оқушылар белсенді қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.⭐️
Оқушылар Отанға деген сүйіспеншілігін өлең жолдары арқылы жеткізіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қазылар алқасының шешімімен үздік оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен тамаша өнерлері үшін алғыс білдіріледі!

WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144028WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144922-1WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144923WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144923-1WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144923-2WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144924WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144924-1WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144925WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144925-1WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144925-2WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144926WhatsApp-Image-2025-11-24-at-144926-1

1 бет. Барлығы: 4

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ
БІЗГЕ КЕЛІНІЗ Астана қ., Ұлы дала 73/1
КОНТАКТЫ
Қабылдау 8 7172 98 80 11
Факс 
Бухгалтерия 
Кадрлар бөлімі 8 778 324 20 21
 
 
 
© 2023 АСТАНА  ҚАЛАСЫ  ӘКІМДІГІНІҢ «№ 95 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ»   КОМУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕСІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.