АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№95 МЕКТЕП – ЛИЦЕЙ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ»
 
ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН
 

🎉 Ұстаздар күні – жүректерді жақындататын мейрам!
Бүгін біз ұстаздарымызбен бірге ерекше көңіл-күй сыйлайтын тренд түсірдік. ✨
Бұл – ұстаз бен шәкірттің арасындағы сыйластықтың, мейірім мен қуаныштың көрінісі.
📚 Ұстаз – әрбір жетістігіміздің бастауы, жол көрсетуші шамшырағымыз.
Осы бейне арқылы біз ұстаздарға деген алғысымызды білдіріп, олардың еңбегін бағалайтынымызды тағы бір мәрте көрсеттік. 💐
Ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс және мәңгілік құрмет тілейміз! ❤️
#ұстазғаалғыс #ұстаздаркүні #учительвдохновениевсехпрофессий #teacherinspires #оқуағартуминистрлігі #білімбасқармасы #астанамектеп

Ұстазға алғыс апталығы аясында мектебіміздің оқушылары арасында “Үлгі тұтатын ұстазың” атты тренд-видео түсірілді✨
📌Бұл жоба арқылы шәкірттер өз жүректеріндегі алғысын білдіріп, өміріне бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздарын үлгі етті.
📚Ұстаздың шәкірт жүрегіндегі орны – мәңгілік!📚
#ұстазғалғыс #учительвдохновениевсехпрофессий #teacherinspires #оқуағартуминистрлігі #білімбасқармасы

🌸 Ұстазға мың алғыс! 🌸
Бүгін мектебімізде ардагер ұстаздарға арналған “Ұстазға мың алғыс” атты мерекелік концерт өткізілді. Бұл шара – білім мен тәрбие жолына бар ғұмырын арнап, талай шәкіртті қанаттандырған қадірлі ұстаздарға деген шынайы құрмет пен алғысымыздың айғағы болды.
🎶 Концерт барысында оқушылар жүрек жарды әндер шырқап, әсерлі өлеңдер оқыды, түрлі қойылымдар қойып, ұстаз еңбегінің ұлылығын паш етті. Әрбір өнер туындысында шәкірттің ұстазға деген ыстық ықыласы, шексіз алғысы көрініс тапты.
✨ Ардагер ұстаздардың төккен тері мен сіңірген еңбегі – ұлт болашағына қосылған өлшеусіз қазына. Бүгінгі жас ұрпақ сол еңбектің жемісі екенін ерекше мақтанышпен атап өттік.
Бұл күн ұстаздардың мерейін өсіріп қана қоймай, шәкірттердің де ұстазға деген құрметін, сүйіспеншілігін тағы бір мәрте айқындай түсті. 💐
Ұстазға құрмет – болашаққа құрмет!

WhatsApp-Image-2025-06-11-at-121200-2

WhatsApp-Image-2025-06-11-at-121200-1

3 бет. Барлығы: 4

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ
БІЗГЕ КЕЛІНІЗ Астана қ., Ұлы дала 73/1
КОНТАКТЫ
Қабылдау 8 7172 98 80 11
Факс 
Бухгалтерия 
Кадрлар бөлімі 8 778 324 20 21
 
 
 
© 2023 АСТАНА  ҚАЛАСЫ  ӘКІМДІГІНІҢ «№ 95 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ»   КОМУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕСІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.