1.Есеп
Тақырыбы: «Қыз қылығымен әдепті»
Өткізілген сынып: 11-сынып
Форматы: дөңгелек үстел
Ұйымдастырушы: «Жеңгелер клубы»
Мақсаты:
Қыз балалардың бойында ұлттық тәрбиені, инабаттылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, болашақ ана, болашақ жар ретіндегі рөлін түсіндіру және өз қадірін білуге баулу.
Өткізілу барысы:
Дөңгелек үстел жылы, ашық әңгіме форматында өтті. «Жеңгелер клубының» мүшелері 11-сынып оқушыларына қыз баланың қоғамдағы орны, өзін-өзі ұстау мәдениеті, сыртқы келбет пен ішкі сұлулық үйлесімі жайлы ой қозғады.
Қатысушылар қыз балаға тән сыпайылық, сабырлылық, жауапкершілік, адалдық және мәдениеттілік туралы пікір алмасты.
Тақырып аясында «Қыз әдебі – ұлт айнасы» атты шағын пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізді.
Сонымен қатар, өмірлік құндылықтар, болашақ мамандық пен отбасылық тәрбие мәселелері де талқыланды.
Қорытынды:
Іс-шара оқушыларға үлкен ой салды. Олар қыз баланың әдепті, білімді, жауапты, рухани бай тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз-өзіне баға беруді және өзін-өзі жетілдірудің маңызын түсінді.
Дөңгелек үстел өз мақсатына жетті.
Жауапты: Турсынбек Жанбота
Күні: 20.10.2025 ж.
Мектеп: №95 мектеп-лицей
№95 мектеп-лицейінде өткізілген қыздар жиналысының
№1 Хаттамасы
23.10.2025ж
Қатысқаны: 8-11сынып оқушылары
Күн тәртібінде:
1.2025-2026 оқу жылында сыныптарда қыздар ұйымының төрайымын сайлау.
2.Қыздардың жеке бас гигиенасын сақтау.
3. «Өмірді сүй-өзінді қорға» әңгімелесу
4. Қыздардың мектеп формасы.
Тыңдалды:
1. Жиналыста қыздар орыс тілі пәнінң мұғалімі Шукушева А С жиналысты ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды, тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.
2. Ұстаз мектеп жасындағы қыз балдардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, қанасынан ешқандай сыр жасырмау керектігін айта кетті.
3. «Жеке бас гигиенасы» туралы 8 сынып оқушысы Нуртазина А баяндама оқыды. Баяндамада қыз балалардың да жеке бас гигиенасын сақтау туралы ақпараттар мен жаңалықтармен бөлісті. Сонымен қатар сыныптарында таза ұстауды айта кетті.
4. Ұстаз оқушыларды ережемен таныстырды. Қыздарға кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын таапсырып, кеңес берді. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын, күшейте отрырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнау керектігін айта кетті. Жиналыс соңында . «Өмірді сүй-өзінді қорға» тақырыбында баяндама оқылды. Жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
Қаулы:
1.Сыныптарда қыздар әр қыз бала өз қауіпсізідін сақтай білу.
2.Сынып қыздарының мектеп формасын сақтау, сабақтан қалмауы, жеке бас гигиенасын сақтау .
Жиналыс төрайымы: Шукушева А С








