АНЫҚТАМА
16 қазан 2025 жылы №95 мектеп-лицейінде 5–7 сынып ұлдары арасында «Дойбы және Тоғызқұмалақ» ойындары бойынша мектеп біріншілігі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұлттық зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды анықтау болып табылады.
Жарысқа әр сыныптан 2–3 оқушы қатысып, жарыс жеке біріншілік түрінде өткізілді. Қатысушылар ойын барысында өздерінің шеберліктерін, тапқырлық пен шыдамдылық қасиеттерін көрсетті.
Жүлделі орынға ие болған оқушылар мақтау қа,аздарымен марапатталды
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне мектеп әкімшілігі мен дене тәрбиесі пәні мұғалімдері атсалысты.


