АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№95 МЕКТЕП – ЛИЦЕЙ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ»
 
ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН
 

📍Бастауыш сынып оқушыларымен бірге көңілді тренд түсірдік. Балалардың белсенділігі, шынайы эмоциясы мен қуанышы түсірілімге ерекше атмосфера сыйлады🌟
Кішкентайлардың креативтілігі мен энергиясы видеоны одан әрі әсерлі етті. Мұндай шаралар оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Бірге түсірген трендіміз мектеп өміріндегі жарқын сәттердің біріне айналды! ☄️📸

🌸 Ұстаздар аты - биік, әрі мәңгілік! 🌸
Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. 🎶
Оқушылар мен мектеп ұжымы ұстаздарға деген шексіз құрметі мен алғысын ән-жыр, би және жүрекжарды сөздер арқылы жеткізді. 💐
Кеш барысында жылы лебіздер айтылып, әрбір ұстаздың еңбегі мен мейірімі ерекше атап өтілді.
Бұл мереке ұстаздарға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың қоғамдағы орнын тағы да айқындады. ✨

«Дублер күні» – мектептегі ерекше дәстүрлі шаралардың бірі. Бұл күні оқушылар ұстаздар мен мектеп әкімшілігінің орнын уақытша басып, өздерін жаңа қырынан сынап көреді. Мұндай шара оқушыларға үлкен жауапкершілікті сезінуге, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдауға, еңбекке құрметпен қарауға мүмкіндік береді.
Дублер күні – ұстаз еңбегінің қадірін түсінуге, оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластықты арттыруға жол ашады. Әрбір оқушы өзін ұстаз орнында елестетіп, білім берудің, тәрбие ісінің қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін сезінеді.

Бұл күн – білімге, еңбектің құндылығына, ұстазға деген алғыс пен құрметке тәрбиелейтін тағылымды мереке!
#ұстазғаалғыс #учительвдохновениевсехпрофессий

🌸 Құрметті мектеп ұжымы! 🌸
Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұжымдағы әрбір ұстаз – мектептің жүрегі, шәкірттің шамшырағы, болашақтың жарқын кепілі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен адал қызметтеріңіздің арқасында жас ұрпақ білім алып қана қоймай, тәрбиелі, елін сүйген азамат болып қалыптасуда.
Ұжымымыздың ауызбіршілігі артып, әрдайым табысқа жетіп, шәкірттеріңіздің жетістігімен қуана берулеріңізді тілейміз. 🌟
Сіздердің еңбектеріңіз – мәңгілік, ал ұстазға деген құрмет – сарқылмас! 💐
#ұстазғаалғыс #білімбасқармасы #оқуағартуминистрлігі #95мектеп_лицей

Бүгін оқушылар ұстаздарымен бірге заманауи тренд түсіріп, ерекше көңіл-күй сыйлады. 💫
Бұл сәт ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық пен бірліктің айқын көрінісі болды. 👩‍🏫✨
Ұстазға құрмет – болашаққа жасалған ең үлкен қадам! 🌟
#ұстазғаалғыс #ұстаздаркүні #95мектеп_лицей #білімбасқармасы #оқуағартуминистрлігі

2 бет. Барлығы: 4

 

ЭЛЕКТРОНДЫ АДРЕСІ
БІЗГЕ КЕЛІНІЗ Астана қ., Ұлы дала 73/1
КОНТАКТЫ
Қабылдау 8 7172 98 80 11
Факс 
Бухгалтерия 
Кадрлар бөлімі 8 778 324 20 21
 
 
 
© 2023 АСТАНА  ҚАЛАСЫ  ӘКІМДІГІНІҢ «№ 95 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ»   КОМУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕСІ.
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.