“Экосана” жобасы аясында табиғатты қорғауға арналған театрландырылған қойылым өткізілді. Қойылымның басты мақсаты – оқушыларға табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық жауапкершілікті сезіндіру болды. Оқушылар өздері дайындаған көрініс арқылы адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарауының салдарын көрсетті. Сондай-ақ, табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіретін әсерлі оқиғалар сахналанды. Көрермендер қойылымнан үлкен әсер алып, қоршаған ортаны сақтау әр адамның борышы екенін ұғынды. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етеді.