🌸 Ұстазға мың алғыс! 🌸
Бүгін мектебімізде ардагер ұстаздарға арналған “Ұстазға мың алғыс” атты мерекелік концерт өткізілді. Бұл шара – білім мен тәрбие жолына бар ғұмырын арнап, талай шәкіртті қанаттандырған қадірлі ұстаздарға деген шынайы құрмет пен алғысымыздың айғағы болды.
🎶 Концерт барысында оқушылар жүрек жарды әндер шырқап, әсерлі өлеңдер оқыды, түрлі қойылымдар қойып, ұстаз еңбегінің ұлылығын паш етті. Әрбір өнер туындысында шәкірттің ұстазға деген ыстық ықыласы, шексіз алғысы көрініс тапты.
✨ Ардагер ұстаздардың төккен тері мен сіңірген еңбегі – ұлт болашағына қосылған өлшеусіз қазына. Бүгінгі жас ұрпақ сол еңбектің жемісі екенін ерекше мақтанышпен атап өттік.
Бұл күн ұстаздардың мерейін өсіріп қана қоймай, шәкірттердің де ұстазға деген құрметін, сүйіспеншілігін тағы бір мәрте айқындай түсті. 💐
Ұстазға құрмет – болашаққа құрмет!